Қытайлық компания 3 облыста күн фотоэлектр станцияларын салады
Қытайлық компания мен Өзбекстан арасында жалпы қуаты 2000 МВт күн фотоэлектр станцияларын салу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 15 ақпанда Қытай компаниясымен Қашқадария, Бұхара және Самарқанд облыстарында жалпы қуаты 2000 МВт күн фотоэлектр станцияларын салу бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Осы меморандум аясында қытайлық компания республикаға 2 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция құймақ.
Бұл күн фотоэлектр станцияларының алғашқы қуаттарын осы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда, ал станциялар 2024 жылы толық қуатында жұмыс істей бастайды. Нәтижесінде жылына 5,2 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндіріліп, 1,4 млрд текше метр табиғи газ үнемделмек.