Қытайдың Өзбекстан экономикасына салған инвестициясының көлемі кейінгі жылдары 5 есеге өсті.
Бұл туралы Инвестициялар, индустрия және сауда министрі Лазиз Қудратов пен Қытайдың Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юй Цзюнь арасындағы кездесуіде айтылды.
Диалог барысында тараптар Мемлекет басшысының биылғы мамыр айында Қытайға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық-техникалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.
«Өзара сауданы дамыту перспективалары қарастырылды. 2022 жылы тауар мен қызмет алмасу 8,92 миллиард долларды, ал 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 5,6 миллиард долларды құрады. Басқа да шаралармен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді кеңейту есебінен бұл көрсеткіштің одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігердің маңыздылығы атап өтілді», делінген хабарламада.

Ведосмтво дерегінше, Қытайдың Өзбекстан экономикасына құйған инвестициясы қарқын алып, кейінгі жылдары 5 есеге артқан.
«2022 жылы 2,2 миллиард долларға жетіп, Өзбекстанда Қытай капиталының қатысуымен кәсіпорындар саны үш есеге өсті. Инвестициялар саласындағы кооперация мен өнеркәсіптік кооперация аясын кеңейту бойынша нақты шаралар белгіленді. Энергетика, химия өнеркәсібі, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және көлік салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру жағдайы қаралды», делінген ақпаратта.
Кездесу соңында қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруды жеделдету, жаңа перспективалық бастамаларды дамыту тұрғысынан келешек ынтымақтастыққа қатысты ұйымдастырушылық мәселелер пысықталды.