Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайдың ірі туроператоры Өзбекстанға 50 мың турист жібереді
17:35 / 2024-01-29

Өзбекстанда туризм саласын дамыту, туристік бағыттарды саяхатшыларға жайлы ету мақсатында қыруар жұмыстар атқарылуда. Әлемнің көптеген елдермен қатар Қытай азаматтары Өзбекстанның көрікті жерлерін тамашалауға ынталы.

Туризм комитетінің ақпаратына сәйкес, Шанхайда ұйымдастырылған «Өзбекстан - Жібек жолы шедеврі» презентациясы аясында комитет төрағасы Умид Шодиев пен «China Comform Tourism» тобының жетекшісі Чж.Нан арасында кездесу өтті.

Кездесуде Қытайдағы шетелдік саяхаттар бойынша жетекші туроператорлардың бірі «CCT» тобы биыл Өзбекстанға 50 мың қытайлық турист жіберу жоспарын айтты. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қажетті іс-шаралар мен жарнамалық шаралар белгіленді.

Айта кетейік, Қытайда 300 филиалы мен 3 мыңнан астам сауда кеңселері бар «CCT» туристік тобы 1984 жылы құрылған. Оның жылдық табысы 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайды.