Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайдың ірі комапаниясы Өзбекстанда автокөлік өндірісін жоспарлауда
10:33 / 2021-01-11

Қытайдың «Dong Feng» және «Changan» автокөлік комапаниясы Жыззақта 3 түрлі кроссовер мен New Star Truck және Dong Feng атомобиль өндірісін бірлесіп жолға қоюды жоспарлап отыр.

Президенттің 2021-2023 жылдарға арналған Инвестициялық бағдарламасында айтылуынша, 16,2 млн долларға бағаланған жобаны іске қосу көзделген. Ондағы капиталдың 10,5 млн доллары тікелей шетелдік инвестиция мен несие есебінен болып, 5,6 млн доллары - меншікті капитал негізінде жылына 27 мың автокөлік шығару жоспарланған.

Жоба «Жыззақ» еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылады және зауыт 3 түрлі кроссовер, 2 түрдегі жеңіл көліктер мен микроавтобустар шығарады.

Қазіргі уақытта атаулы зауыт аумағында ауқымды құрылыс жұмыстары басталған.