Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайдың Гуанчжоу қаласында COVID-19-ға байланысты локдаун енгізілді
15:37 / 2022-11-21

Қытайдың Гуанчжоу қаласында билік COVID-19 коронавирусының өршуін болдырмау үшін Байюнь қаласының ең үлкен ауданында локдаун жариялады.

Associated Press порталының хабарлауынша, Байюньда қоғамдық көліктер тоқтатылған. Енді тұрғындар үйден шығу үшін коронавирусқа теріс тест тапсыруы керек. 

Сондай-ақ аудандағы мектептер қашықтан оқытуға көшіп, университеттер жабылған. Бұл шаралар жұмаға дейін күшінде болады.

Бұдан бөлек, Пекин коронавирус әсерінен тағы екі адам қайтыс болғанын жариялады. Жексенбіде қала алты ай ішінде COVID-19-дан алғашқы өлім туралы хабарлаған.

Соңғы кезде елде COIVD-19 ауруының өсуі байқалған. Дүйсенбіде вирус жұқтырудың 27 мыңға жуық жағдайы анықталып, оның 9 мыңға жуығы орталығы Гуанчжоу болып табылатын Гуандун провинциясында тіркелген.