2020 жылдың 23 шілдесінде Жерден ұшырылған Қытайдың «Тяньвен-1» атты ғарыштық аппараты Марс айналасындағы орбитаға шықты.
Қытай ғарыш агенттігінің хабарлауынша, жеті айлық ұшудан кейін «Тяньвен-1» қондырғысы Марс орбитасына шықты. ол мамыр айына дейін қонуға ыңғайлы орынды таңдау үшін Марс бетін егжей-тегжейлі суретке түсіреді. Содан кейін Марста жүруге арналған 240 келілік қондырғы орналасқан платформа зондтан бөлініп, Қызыл планетаға түседі. Жоспар бойынша Жермен байланыстың алдын ала алаңы ретінде Марстың солтүстік жарты шарының шығыс бөлігіндегі Утопия жазығының оңтүстік бөлігі таңдалған.
Миссияның мақсаты – Марста өмір іздерін табу және оны адамдар жасайтындай мүмкіндіктерін зерттеу. «Тяньвен-1» үш ай бойы планетаны зерттемен айналысып суретке түсіреді. Бұл Марс картасын жасауға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, «Тяньвен-1» аппараты 2020 жылдың 23 шілдесінде Жерден ұшырылған болып, ол 2021 жылдың ақпан айының орталарына қарай Марсқа жақындап, төрт маневр жасайтыны айтылған еді.