Exeed пен Өзбекстанның Asaka Motors арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін Exeed компаниясы Өзбекстан нарығына кіретінін ресми түрде жариялады.
iXBT порталының хабарлауынша, Exeed компаниясының алғашқы көліктер наурыз айында сатылымға шығады.
Exeed - қытайлық Chery компаниясының бренді болып, 2017 жылы премиум-класс автомобильдері үшін арнайы құрылған.
Жоспар бойынша Exeed маркалы көліктердің өндірісі кейіншелік Өзбекстанның өзінде құрастырылады.
Жаңа көліктерді жеткізу 2023 жылдың наурыз айында басталады. Оған Exeed VX жол талғамайтын көлігі, заманауи TXL және жастарға арналған LX моделі орын алған. Көктемде Ташкентте екі автосалон ашылады, сондай-ақ Самарқанд, Науаи және Ферғана қалаларында автосалондар ашылуі көзделген. Алғашында оларда Қытайда шығарылған көліктер сатылады.
«Exeed философиясы - үздіксіз өзін-өзі жетілдіру. Біз Exeed автокөліктерінің Өзбекстанда, сондай-ақ Орталық Азияның маңызды нарығында ресми түрде таныстырылғанына қуаныштымыз», - деген компания хабарында.
Хабарда Exeed көліктерінің Өзбекстандағы бағасы айтылмаған. Деседе, Ресейде Exeed VX моделі шамамен 58 мың доллар, TXL моделі 47 мың доллар, LX моделі 40 мың долларға сатылуда.