Қытайдың «Цзелонг-3» зымыраны орбитаға тәжірибелік жерсерігін шығарды
Қытайдың «Цзелонг-3» зымыран тасығышы орбитаға тәжірибелік спутникті сәтті шығарды.
Қытай аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясының (CASC) мәлімдеуінше, ұшыру сәрсенбі күні Бейжің уақытымен 03:24-те Оңтүстік Қытай теңізіндегі теңіз платформасына өзгертілген кемеден жасалған.
Корпорацияның хабарлауынша, іске қосылған құрылғы спутниктік интернет-технологияларды сынақтан өткізу үшін пайдаланылады.