Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайдағы жер сілкінісі құрбандарының саны 65-ке жетті
15:32 / 2022-09-06

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Лудин уезінде болған 6,8 балдық жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 65-ке жетті.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, табиғи апат салдарынан Гардзе-Тибет автономиялық округінде 37 адам, Яань қаласының Шимиан ауданында 28 адам қаза тапты. 

6 қыркүйек күні таңертеңгі дерек бойынша, Гардзеде 12 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 170 адам жарақат алып, олардың 56-сының жағдайы ауыр екені белгілі болды. Шимианда жалпы 78 адамды жарақат алған.

Қытай сейсмологиялық орталығының ақпаратына сай, Лудин қаласындағы жер сілкінісі 5 қыркүйекте Пекин уақытымен сағат 12:52-де болған.