Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайдағы су тасқындарынан қаза болғандар саны 29-ға жетті
13:22 / 2021-10-13

Қытайдың солтүстігі Шаньси провинциясындағы су тасқыны салдарынан қаза болғандар саны 29-ға жетті

AP басылымының мәліметінше, автобус өзенге құлауынан 14 адам қайтыс болған. Қоғамдық көлікте болған тағы 37 адам құтқарылып, олардың жетеуі ауруханаға жатқызылған.

Осы оқиғаға байланысты көлік жүргізуші көпірден өтуге тыйым салынған деген ескертуді елемегені үшін қамауға алынғаны айтылады, хабарда.

Бұған дейін елдің солтүстігінде тынымсыз жауған нөсер салдарынан су тасқыны жүріп 15 адам өлім құшқан болатын.

Табиғи апат қазірдің өзінде бес миллиард юаньнан (770 миллион доллар) астам шығын келтірді. 120 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Зардап шеккен аудандарда мыңдаған үйлер опырылып, 190 мың гектар алқаптағы дақылдар бүлінген.