Қытайдағы Boeing 737 ұшағының құлаған жерінен қара жәшік табылды
Құтқарушылар Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған Boeing 737 ұшағының қара жәшіктерінің бірін тапты.
Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қара жәшік Бейжіңдегі институтқа тексеріске жіберілген.
Қытай Азаматтық авиация басқармасының (CAAC) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі директоры Чжу Тао сейсенбі күні құтқарушылар Boeing 737-800 ұшағы түскен таулы орманды аумақты іздеуді жалғастырып жатқан тірі қалғандарды әлі таба алмағанын мәлімдеген.
21 наурызда China Eastern Airlines компаниясына тиісті Boeing 737-800 лайнері 2015 жылдан бері қолданыс болған. Қазірше апаттың ықтимал себептері әлі аталмаған.
Хабарда айтылуынша, сол күні ауа-райы ұшуға қолайлы болып, ұшар алдында ұшаққа техникалық қызмет көрсетілген.