Қытайда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
Қытайдың China Eastern әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады.
Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, оқиға Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған.
Бортында 132 жолаушысы бар China Eastern әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Учжоу округіне қарасты Тэн округінде апатқа ұшырады, делінген хабарда.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ Куньмин қаласынан Гуанчжоу бағытында MU5735 рейсін орындаған. Құрбандардың саны белгісіз.
Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Flightradar24 порталының хабарлауынша, ұшақ Куньмин қаласынан жергілікті уақыт бойынша 13:15-те көтерілген. Шамамен 1 сағаттан кейін ұшақтың жылдамдығы күрт төмендеп, биіктігін жоғалта бастап, кейін радардан жоғалып кеткен.