Қытайда жер сілкінісі салдарынан Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі құлап түсті
Қытайда өткен сенбіде 6,9 балдық күшті жер сілкінісі салдарынан Ұлы Қытай қорғанының бір бөлігі қирап қалған.
Global times-тың хабарлауынша, жерасты дүмпулері Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында 10 шақырым тереңдікте болған. Соның салдарынан Шаньдан округіндегі Ұлы Қытай қорғанының екі метр жері қираған.
Табиғи апат халық аз қоныстанған аймақта болғанымен, жер асты дүмпулерін бірнеше ірі қалалар сезілген.
Қайтыс болғандар туралы мәлімет жоқ, бірақ тоғыз адам табиғи апаттан зардап шеккен. Оның сегізі ауруханадан шығарылған бюолса, біреуі әлі дәрігерлер бақылауында.
Жексенбі күні мамандар Ұлы Қытай қорғанының екі метр жерін қирағанын анықтаған. Қорғанның құлаған жері Мин әулеті кезінде (1368-1644) салынған болып, қазіргі кезде оны жөндеу жұмыстары жүргізілуде.