Қытайда химиялық зауытта болған жарылыстан төрт адам қаза тапты
Қытайдың солтүстігіндегі химиялық зауытта болған жарылыстан төрт адам қаза тауып, үш адам жарақат алды.
Қытайдың орталық телеарнасының хабарлауынша, жарылыс жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23.00 шамасында Алашан аймағындағы Байн Аобао индустриалды паркіндегі Чжунгао химиялық зауытында болды.
Өрт жылдам сөндіріліпген. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Олардың арасында біреуінің жағдайы ауыр, екеуі жеңіл жарақат алғаны айтылған хабарда.
Әзірше жарылыстың себебі нақты анықталмаған.