Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиада 2022 жылға қалдырылды
Қытайдың Чэнду қаласында 2021 жылдың 18-29 тамызы аралығында өтуі жоспарланған Дүниежүзілік жазғы Универсиада коронавирустық пандемияға байланысты 2022 жылға ауыстырылды.
Халықаралық университеттік спорт федерациясының (FISU) мәліметінше, Универсиаданың кейінге шегерілуіне коронавирустық пандемия мен халықаралық саяхаттағы шектеулер себеп ретінде айтылған. Дегенмен Универсиаданың атауы – «Chengdu World University Games 2021 FISU» және оның логотипі өзгеріссіз қалады.
Коронавирустық пандемияға байланысты мерзімінен кешіктірілген беделді спорттық турнирлер қатарында Токио-2020 жазғы Олимпиадасы да бар. Оны өткізу 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығына шетелдік көрерменсіз ұйымдастыру жоспарланған.