French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда тасқын болып, 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды
16:10 / 2025-06-26

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйжоу өлкесінде толассыз жауған нөсер жаңбыр ірі су тасқынына себеп болды.

Бұл туралы «Синьхуа» ақпарат агенттігі хабарлады. Табиғи апат салдарынан инфрақұрылым қатты бүлініп, көптеген елді мекендер су астында қалды.

Ресми деректерге сүйенсек, Жунцзян ауданында – 48 900, ал Цунцзян ауданында – 32 000 адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Жалпы, 80 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған.

Төтенше жағдайға байланысты билік жедел әрекет ету деңгейін ең жоғары сатыға көтерген. Эвакуацияланған халықты уақытша орналастыру үшін арнайы орталықтар ашылды.

Сонымен қатар, Санду-Шуй автономиялық аймағындағы жылдам жүретін жол көпірі жартылай құлағаны хабарланды. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ресми мәлімет жоқ.

Мамандар аймақта алдағы күндері тағы да нөсер жауын болуы мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды барынша сақ болуға шақыруда.