Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда шағын ұшақ тұрғын үйдің үстіне құлады
15:20 / 2022-06-09

Қытайдың орталық бөлігіндегі Хубэй провинциясында жеңіл ұшақ тұрғын үйге құлады. Салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды.

Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, ұшақ Сяньян қаласындағы жеке үйге құлап, оған ішінара зақым келген. Сонымен бірге, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жергілікті тұрғындар.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, ұшқыш апаттан алдын ктапульта жасап үлгеріп, қазірде ол ең жақын ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында шенеуніктер, жедел жәрдем қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Полиция оқиғаның себебін анықтауда.