Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда сағатына 350 км жылдамдықпен жүретін жүк пойызы жасап шығарылды
16:15 / 2020-12-24

Қытайдың Таншан локомотив зауыты сағатына 350 км жылдамдықпен жүре алатын жүк пойызын шығарды.

«Синьхуа» агенттігінің хабарына сай, компанияның бұл жүрдек пойызы қазірше ешбір елде жоқ. Оның сыртқы пішіні қытайлық бекіре балығына ұқсас болып, бұл оның аэродинамикалық қасиеттерін жақсартатыны айтылған. 

Локомативті дамытуда UWB кең жолақты байланыс технологиялары, мобильді деректерді беру желісі мен Beydou навигациялық жүйесі қолданылған. Алдағы уақытта пойызда жүктерді 600-ден 1500 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жеткізу үшін қолданылады.

Пойыздың бас конструкторы Лян Юнтинаның айтуынша, пойыз -25 ℃-ден 40 ℃ дейінгі температурада жұмыс істей алады. Ол сегіз вагоннан тұрады: төрт тартқыш және төрт тіркеме. Оның жүк көтеру қабілеті кем дегенде 110 тонна, сыйымдылығы 800 текше метрден асады, ал жүк кеңістігін пайдалану коэффициенті ≥85% құрайды.