Қытайда метеорологиялық ұшақ үйлер үстіне құлады
Қытайдың Цзянси провинциясының метеорологиялық басқармасына тиесілі жеңіл ұшақ Цзянси уезіндегі резиденцияға құлады.
Weibo ақпарат көзінің хабарлауынша, апаттан ұшақтың ішінде болған департаменттің 5 қызметкері қаза тауып, жердегі бір кісі жарақаттанған.
Оқиға «Beechcraft B300 King Air 350» бұлтты қадағалау бойынша рейсті жасау кезінде болған. Әуе апаты үш үйге зақым келтірген және жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталуда.