Қытайда көмір шахтасында жарылыс болды
Қытайдың Шэньси провинциясындағы көмір шахтасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты.
Оқиға 21 тамызда Синтай шахтасында болған кезде онда 90 адам жұмыс істепжатқан болған.
Құтқарушылардың айтуынша, 81 кенші сыртқа шығып үлгерген, бірақ олардың екеуі ауыр жарақаттан көз жұмған. 11 адам жеңіл жарақат алған.
Бүгін таңертең жер астында қалған 9 жұмысшының денесі табылды.
Оқиға орнында өрт сөндірушілер, құтқарушылар, төтенше жағдайлар қызметі мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.