Қытайда H3N8 құс тұмауын жұқтырған алғашқы адам тіркелді
Қытай билігі азамат құс тұмауының H3N8 штаммын жұқтырған бірінші жағдайды растады.
Channel News Asia арнасының мәліметінше, вирус Хэнань провинциясынан келген төрт жасар балада анықталған.
Қытай Халық Республикасының Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы баланың ата-анасы тауық өсіретінін, сондықтан бала ауруды тікелей құстардан жұқтырғанын айтты. Ол 5 сәуірде қызуы көтеріліп, 10 сәуірде ауруханаға түскен.
Осы уақытқа дейін H3N8 құс тұмауының жағдайлары жануарларда, атап айтқанда жылқылар мен иттерде, сондай-ақ құстарда ғана анықталып келген.