Қытайлық Fossibot бренді өзінің алғашқы берік смартфоны F101 байланыс құрылғыны таныстырды. Компания өзінің алғашқы туындысын соққыға төзімді еткен және сыйымдылығы 10600 мАч үлкен батареямен жабдықтаған.
Gizchina порталының хабарлауынша, смартфон 5,45 дюймдік HD+ экран, 24 мегапиксельді негізгі камера, 5 мегапиксельді қосалқы сенсор және 0,3 мегапиксельді сенсормен жабдықталған. Алдыңғы жағында 8 мегапиксельді селфи камера бар.
Смартфонда MediaTek Helio A22 арзан чипі, 4 ГБ жедел жады және 64 ГБ тұрақты жады бар.
Fossibot F101 смартфонның негізгі назар аударар тұсы бұл 10600 мАч сыйымдылығы бар аккумулятор болып, ол күту режимінде 44 күн жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Мұндай үлкен аккумуляторды 18 ватт «зарядкамен» қуаттау ұсынылған.
Сонымен қатар, смартфонда қуаты 3,5 Вт болатын үлкен динамик орнатылған, корпус IP68, IP69 және әскери MIL-STD-810G стандарттары бойынша су мен шаңнан қорғалған.
Осындай мүмкіндіктер қарастырылған алғашқы Fossibot смартфоны бар болғаны 140 доллар бағамен сатылымға шыққан.