English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық форумы өтеді
16:02 / 2023-10-11

17-18 қазанда Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық форумы өтеді.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ел басшысы Си Цзиньпин конференцияның ашылу салтанатына қатысып, шараға қатысушы мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді.

Бұған дейін жобаны қолдаушылардан бөлек Ресей және Сербия президенттері Владимир Путин мен Александр Вучич форумға қатысатындарын растаған болатын.

2013 жылы Си Цзиньпин ұсынысымен қабылданған және 150 ел мен халықаралық ұйымдар қолдаған «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасының мақсаты - көптеген елдермен және мүдделі мемлекеттермен халықаралық сауда және инвестициялық жобаларды белсендіру.