Қытайда балабақшаға пышақпен шабуыл жасалып, алты адам қаза тапты
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында балабақшаға жасалған пышақ шабуылынан алты адам қаза тауып, бір адам жараланды.
AFP агенттігінің хабарлауынша, құрбан болғандар арасында мұғалім, екі ата-ана және үш оқушы бар.
Полицияның мәліметінше, 9 шілдеде шабуыл жасалған Лянцзян қаласында 25 жастағы жігіт қамауға алынған.
Қытайда оқушыларға жасалған шабуылдар жылдар бойы проблема болып келеді дейді сарапшылар. Әсіресе экономика өсіп, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ұлғайған кезде зорлық-зомбылық көбейіп барады.