Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда аптап ыстықтың жалғасуы бойынша рекордты жағдай тіркелді
15:50 / 2022-08-17

Ауа-райының аптап ыстық болуы ұзақтығы бойынша Қытайда рекордты жағдай тіркелді.

Қытайдың орталық метеорологиялық басқармасының хабарлауынша, Қытайдың бірнеше аймағында өте жоғары температурадағы аномалды ыстық ауа-райы елде 1961 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан тұрақты метеорологиялық бақылаулардың барлық уақытының рекордын жаңартты.

«Жан-жақты зерттеулер көрсеткендей, жоғары температура мен аптап ыстық толқындары бар бұл аймақтық құбылыстың республикада ұзақтығы артып, қарқындылығы жоғарылады», - делінген ведомство хабарламасында.

15 тамыздағы жағдай бойынша нормадан тыс ыстық 64 күн қатарынан сақталып отырғаны, бұған дейінгі рекордтық көрсеткіш 2013 жылы 62 күн болғаны көрсетілген. 

262 метеостанцияда ауа температурасы 40 градустан асқан жағдай тіркелген. 2013 жылда аптап ыстық дерегін 187 станция тіркеген.

Қытай Халық Республикасының орталық метеорологиялық басқармасы алтыншы күн қатарынан қалыптан тыс ыстыққа байланысты бірқатар аймақтарда ең жоғары, қызыл, ескерту деңгейін енгізді.