Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытайда 3,5 миллион халқы бар қала карантинге жабылды
09:26 / 2021-10-27

Қытайдың Гансу провинциясының әкімшілік орталығы Ланьчжоу қаласында коронавирустың таралуына байланысты қатаң карантин жарияланды.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, 3,5 миллион қала тұрғынына аса қажет болмаған жағдайда үйден шығуға тыйым салынған. Билік елді мекендерге кіруді қатаң бақылауға алып, азық-түлік өнімін тек байланыссыз жеткізуге рұқсат еткен.

Карантин талабының қатаңдық деңгейі қалада такси және қоғамдық көлік қозғалысын шектеу мен бірге теміржол және әуе қатынасы да уақытша жабылды. Қазірге көлік қозғалысының әдеттегі қатынауы қай кезден басталары белігсіз.

25 қазанда Гансу провинциясында 51 жағдай тіркелді, оның 6 Ланьчжоуда тіркелген. 18 қазаннан бері қалада 39 жағдай анықталғаны айтылады хабарда.