Қытайда 3 жастан асқан балалар коронавирусқа қарсы вакцина алады
Қытайдың 5 провинциясында 3 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцинация басталады.
AR ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бұл аймақтардың әкімшілігі жақында осы жастағы балаларға вакцинация міндетті болатынын ескерткен.
Ресми дерекке сүйенсек, Қытайдағы халықтың 76 пайызы вирусқа қарсы екпе алған. Елдің кез келген жерінде аурудың өршуіне қарсы күрт шаралар қолданылуда.
Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы соңғы тәулікте елде 35 жаңа инфекция жұқтырғандық жағдай тіркелгенін хабарлады.