Қытайда 200 көлік қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді
Қытайдың орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясындағы Чжэнчжоу қаласында 200 көлік қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Қытай орталық телеарнасының мәліметінше, оқиға сәрсенбі күні таңертең көліктер өтетін көпірде тіркеліп, апатқа қатты тұман себеп болған.
Көліктердің көпшілігі бір-бірінің үстінен аударылғаны нәтижесінде бір адамның қаза тапқан.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының салдарын жоюға 11 өрт сөндіру техникасы мен 66 құтқарушы жұмылдырылғаны айтылады ақпаратта.