Қытай Өзбекстанның ДСҰ-ға мүше болуын қолдайтынын мәлімдеді
Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Қытай Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуын қолдайтынын мәлімдеді.
Бұл туралы Қытай СІМ басшысы Ван Идің Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанға сапарының соңында журналистерге берген сұхбатында айтқан.
«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Ван Идің Өзбекстанға сапары барысында тараптар екі ел көшбасшылары арасындағы қалыптасқан консенсустан өзара саяси сенімді тереңдету және даму стратегияларының байланысын нығайту үшін басымдық ретінде пайдалануға және өзара екіжақты қарым-қатынастардың жетістіктері туралы және жаңа дамуға ұмтылу үшін бірлесіп жұмыс істеуге келіскен.
Ведомство тараптардың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында ынтымақтастық сапасын арттыруға, жылдық тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізуге және жаңа мақсаттар қоюға келіскенін жазды.