Қытай Өзбекстандағы экстремалды туризм нысандарының жобаларын әзірлейді
ӨР Туризм комитеті төрағасының Қытайға сапары аясында Хунан провинциясының вице-губернаторы Син Гаовенмен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша кездесу өтті.
Комитет хабарынша, келісімдерге сәйкес тау шыңдары мен каньондардағы аспалы жолдар мен шыны аспалы көпірлер салу бойынш Қытайда бірінші орында тұратын Хунань провинциясының мамандарының қатысуымен Өзбекстанда экстремалды туристік нысандардың жобалары әзірленеді.
Сондай-ақ атақты Чжаньэ Данся ұлттық геопаркі мен Тянмэн тауының бақылау аймақтарында Өзбекстанның туризмі насихатталады.
Айта кетейік, туристік маусымда (негізінен маусым-тамыз) бұл нысандарға күніне шамамен 40-50 мың турист келеді.