Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай Өзбекстанда вакцина шығаратын 100 млн долларлық инновациялық орталық құрмақ
13:24 / 2022-09-14

Өзбекстанда Орталық Азиядағы бірегей «Инновациялық вакциналар орталығы» құрылады.

13 қыркүйекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті аясында Инновациялық даму министрі Ибрагим Абдурахманов пен «Luye Investment Group Co. Ltd» компаниясының басшысы арасында онлайн кездесу өтті.

Онда Инновациялық даму министрлігі компаниямен бірлесе отырып, 2023-2028 жылдары жалпы құны 100 млн долларды құрайтын «Инновациялық вакциналар орталығын» құру туралы меморандумға қол қойды.

«Инновациялық вакциналар орталығы» – Орталық Азиядағы бірегей толық циклді  биотехнологиялық өндіріс кәсіпорны болып, ол жергілікті және ТМД елдерінің нарығын жоғары технологиялық өнімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба аясында А гепатиті, В гепатиті, папиллома, қызылша, сіреспе және басқа да аурулар вирустарын емдеуге арналған жалпы құны 2 млрд доллар болатын 10 түрлі вакцинаның 200 миллион дозасын шығару көзделген.