Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай әуе компаниясы Өзбекстанға рейстер санын көбейтеді
18:08 / 2025-11-25

Қытайдың China Southern Airlines әуе компаниясы Өзбекстанға рейстер санын көбейтеді.

«Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өзбекстанның Бас консулханасы қызметкерлері Қытайдың China Southern Airlines әуе компаниясы басшылығы менен кездесіп, Өзбекстан бағыты бойынша рейстер санын және географиясын кеңейту, сондай-ақ келетін туристер ағынын арттыру мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында қытайлық тарап China Southern Airlines үшін Өзбекстанның Орталық Азиядағы негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты рейстер санын және ұшу географиясын кеңейту мүмкіндіктерін зерделеуге қызығушылық білдірілді.

Тараптар бірлескен маркетинг және жарнама кампанияларын жүзеге асыру, сондай-ақ сауда, экономика, мәдениет және туризм салаларында алмасуды жандандыруға бағытталған таныстырылымдар мен пресс-турлар өткізу бойынша ынтымақтастық жасауға келісті.

Кездесу соңында мұндай бастамалар екіжақты әріптестікті нығайтуға, туризм саласын өзара дамытуға және Өзбекстанға келетін туристер ағынын одан әрі арттыруға қосымша мүмкіндік беретіні атап өтілді.