Қытай әуе компаниясы Өзбекстанға рейс ашпақ
Қытайдың China Southern Airlines әуе компаниясы Өзбекстанға әуе рейсін жолға қоймақ.
Uzbekistan Airports-тың хабарлауынша, China Southern Airlines Үрімші мен Ташкентті тікелей байланыстыратын әу рейсін ашады.
Аталған бағыт бойынша алғашқы жолаушылар рейсі 14 қазанға жоспарланған. Тұрақты рейстер Boeing 737 және Boeing 787 ұшақтарымен аптасына бір рет – жұма күндері орындалады.
China Southern Airlines — Қытайдың Гуандун провинциясының Гуанчжоу қаласында орналасқан әуе компаниясы. Бұл флот көлемі бойынша Азиядағы ең ірі авиакомпания әрі ең ірі тасымалдаушы саналады.