Қытай халқының саны қатарынан төртінші жыл қатарынан азайды. Мемлекеттік статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, 2025 жылы ел халқы 3,39 миллион адамға азайып, 1,404 миллиардты құрады. Есепке тек материктік Қытай аумағы енгізілген.
Өткен жылы Қытайда 7,92 миллион сәби дүниеге келіп, 11,31 миллион адам қайтыс болған. Туудың жалпы коэффициенті әр мың адамға шаққанда 5,63-ті, ал өлім көрсеткіші 8,04-ті құраған. Бұл – 1949 жылдан бері тіркелген ең төменгі теріс демографиялық көрсеткіш. Яғни, ел халқы бір жыл ішінде шамамен 17 пайызға кеміген.
Сарапшылар мұндай ахуалға ұзақ жылдар бойы жүргізілген «бір отбасы – бір бала» саясаты мен жедел урбанизация үдерісі себеп болғанын атап өтуде. Тууды ынталандыру мақсатында қабылданып жатқан шаралар әзірге күткен нәтижені берген жоқ. Алдағы он жыл ішінде шамамен 300 миллион адамның зейнетке шығуы ел экономикасы үшін елеулі қатер тудыруы мүмкін.
Осыған байланысты Қытай үкіметі туу көрсеткішін арттыруға бағытталған шараларды күшейтіп отыр. Атап айтқанда, үш жасқа дейінгі әрбір бала үшін жылына 3,6 мың юань көлемінде төлем енгізу, сондай-ақ неке жасын төмендету туралы ұсыныстар алға тартылып отыр.
Соған қарамастан, 2025 жылы Қытай Халық Республикасының экономикасы салыстырмалы тұрақтылықты сақтап, жалпы ішкі өнімнің өсімі 5 пайызды құрады. Ал халық саны бойынша көшбасшылықты Қытай 2023 жылы Үндістанға берген болатын.