Қытай әскері жаңа үлгідегі зымыран сынағын өткізді
Қытайдың Орталық телеарнасы Халық-азаттық армиясының зымыран күштерінің жаттығулары көрсетіп, жаттығу барысында олар жаңа зымыранды сынақтан өткізді.
Телеарнаның хабарлауынша, жаттығулар жақында елдің солтүстік-батысындағы шөл далада өткен. Бірінші ядролық емес зымыран бригадасы қатал экологиялық жағдайға және күрделі электромагниттік кедергіге қарамастан, жаңа оқтұмсықтары бар екі зымыранды сәтті ұшырды. Екеуі де жүздеген шақырым қашықтықтағы нысандарға дәл тиді және ойдан шығарылған қарсыластың қорғаныс жүйесінің негізгі байланыс орталықтарын сәтті қиратты.
Ақпаратқа қарағанда, бұл сәтті сынақ зымыран күштерінің жаңа оқтұмсықтарының түрлерін кеңейтіп, кәдімгі оқтұмсықтары бар зымырандардың мүмкіндіктерін, сондай -ақ зымыран күштері жүйесінің шабуылдық және қорғаныс деңгейін арттырған.