Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай Қазақстанның БРИКС құрамына кіруін қолдайды
16:41 / 2024-07-03

Қытай Қазақстанның БРИКС құрамына кіруін қолдайды.

KAZINFORM мәліметінше, бұл туралы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында айтқан.

«Қытай Қазақстанның БРИКС құрамына кіруін қолдайды. Қазақстанды рөлі артып келе жатқан, әлемдік істерге, жаһандық басқаруға лайықты үлесе қоса алатын әлемдегі орта державалардың бірі ретінде қолдайды», - деген Қытай басшысы.

Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру ісінің басында тұрғанын атап өткен. 

«Қазақстан төрағалығының ШЫҰ қызметін дамытудағы және бірегей ынтымақтастықты ілгерілетудегі елеулі үлесін ерекше атап өткім келеді. Ертеңгі Астана саммиті толықтай табыспен өтетіні және ұйымымыздың қызметін жаңа белеске көтерері сөзсіз», - деген ҚХР Төрағасы.