Қытай провинциясында соңғы 20 жылдағы ең қуатты құмды дауыл соқты
Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында қуатты құмды дауыл соқты.
Euronews басылымының дерегінше, бұл табиғи құбылыс өзінің ауқымы бойынша соңғы 20 жылдағы ең күшті болған.
Желдің жылдамдығы секундына 15 метрге жетіп, көру мүмкіндігі 200 метрге де жетпеген. Көптеген жүргізушілер баспанаға жетіп үлгермей, көліктерге жасырынуға мәжбүр болған.
Қытайдың мемлекеттік метеорологиялық орталығы ел тұрғындарына қалыпты ыстық ауа райы және кейбір аймақтарда жаңа температура рекордтары күтілетіні туралы ескерту жасаған.
Аймақтағы ыстық толқын шамамен 10 күнге созылады деген болжам айтылған хабарламада.