Қытай премьер-министрінің баспасөз конференциясы өтпейді
Ли Цян кейінгі 30 жылда парламенттің жыл сайынғы отырыстарында баспасөз мәслихатын өткізбеген алғашқы Қытай премьер-министрі болмақ.
Бейжің премьер-министрдің жыл сайынғы баспасөз мәслихатын өткізбейтіні туралы тосын мәлімдеме жасады.
БАҚ қызметкерлерімен кездесу әдетте Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының отырысының апталық соңында өтетін.
Енді биліктің айтуынша, конгресс журналистердің үкімет министрлері мен басқа шенеуніктерге сұрақ қою мүмкіндігін кеңейтеді, бірақ премьер-министрдің баспасөз мәслихаты ерекше жағдайлардан басқа келесі жылдары өткізілмейді.
Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының апталық отырысы сейсенбіде басталады.
Қытайда премьер-министрдің жыл сайынғы баспасөз мәслихаты 1993 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл Қытайдың саяси күнтізбесіндегі үкімет басшысы жұртшылықпен араласа алатын бірнеше жағдайдың бірі еді.