Қытай орбитаға қашықтықтан зондтау спутниктерінің тобын шығарды
Қытай аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясы (CASC) бейсенбі күні Қытайдың Yaogan-35 сериялы қашықтан зондтау үш жер серігін күн синхронды орбитсына шығарды
Бортында үш жерсерігі бар «Чанчжэн-2D» зымыран-тасығышы Сичан ғарыш айлағынан жергілікті уақыт бойынша 10:22-де ұшырылды, делінген хабарламада.
Корпорацияның хабарлауынша, 9шырыл5ан құрылғылар ғылыми сынақтарға, жерді қашықтықтан зондтау мен ресурстарды барлауға пайдаланылады.
Екі сатылы «Чанчжэн-2D» зымыран тасығышын Шанхай ғарыштық технологиялар академиясы (SAST) жер серіктерін төмен Жер орбитасына шығару үшін әзірлеген. Әзірлеушілердің айтуынша, ол сонымен қатар шамамен 645 км биіктіктегі күн синхронды орбитасына 1300 кг пайдалы жүкті шығаруға қабілетті.