Қытай орбитаға Жерді зондтау спутнигін шығарды
«Чанцзян-4C» L-SAR01 зымыран-тасығышы қашықтықтан зондтау спутнигін күн-синхронды орбитаға шығарды.
Қытай телевидение желісі (CCTV) дерегінше, зымыран Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш орталығынан Бейжің уақытымен таңғы сағат 7:44-те ұшырылды және көп ұзамай L-SAR 01A жер серігін жоспарланған орбитаға шығарды.
Спутник геологиялық ортаны, көшкін мен жер сілкінісін бақылау үшін пайдаланылады.
Салмағы 3,2 тоннаға жуық жерсерік радар синтезі технологиясымен жабдықталған. Бұл технология құрылғының биіктігіне, ауа райы жағдайларына және суретке түсірілетін объектінің жарықтандыруына қарамастан Жерді қашықтықтан зондтауды жоғары дәлдікпен орындауға мүмкіндік береді.