Қытай орбитаға ауа райының спутнигін ұшырды
Қытайдың «Чанчжэн-6» зымыран тасығышы «Юнхай-3-02» метеорологиялық спутнигін орбитаға сәтті шығарды.
Қытай аэроғарыштық ғылым және технология корпорациясының (CASC) хабарлауынша, зымыран Тайюань ғарыш айлағынан ұшырылды.
Корпорацияның хабарлауынша, ұшырылған спутник атмосфералық бөлшектер мен ғарыштық ортаны бақылауға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алу мен күресуге және ғылыми тәжірибелер жүргізуге арналған.