Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай Nike және басқа танымал брендтерге бойкот жариялады
15:15 / 2021-03-28

Қытай билігі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қатысты мәлімдемелерге байланысты Nike, adidas және H&M және басқа танымал брендтерге бойкот жариялады.

BBC-дің хабарлауынша, Pinduoduo, JD.com және Tmall қытайлық үш ірі электрондық коммерциялық платформалар H&M мен Nike-ті нарықтан алып тастады.

Nike, adidas және H&M бренді Қытайдағы этникалық аз ұлт өкілдеріне қатысты мәжбүрлі жұмыс күшін қолданып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, осы аймақтан мақта сатып алудан бас тартты (бұл ортада дүниежүзілік мақтаның шамамен бестен бір бөлігін өндіріледі).

Қытайлық танымал жұлдыздар Шыңжаң мақтасынан бас тартқан H&M, Nike, adidas, Puma, Calvin Klein, Tommy Hilfiger, Uniqlo, Converse, Gap және басқа да брендтермен келісімшарттардан бас тартуда және әлеуметтік желілерде олар барлық қытайлықтарды осы өндірушілердің өнімдеріне бойкот жариялауға шақырған. 

Осы жағдайға орай Қытайдағы ең танымал әеуметтік желі Weibo-да «Мен Шыңжаң мақтасын қолдаймын» хэштегі ең танымал трендке айналып, қолданушылар желілерде компаниялардың өнімдерін өртейтін бейнелерді жариялайды.

Кейбір қолданушылар «елдің мүддесі бәрінен жоғары тұрады» деп патриоттық танытқан. 

Nike және H&M үшін Қытай нарығы үшінші орында. Қытайда Nike компаниясының 7 мың дүкені бар, 2020 жылда (2020 жылдың мамырында аяқталған), компанияның сатылымы 6,7 млрд долларды құраған.