Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай мен Гондурас дипломатиялық байланыс орнатты
10:05 / 2023-03-27

Қытай Халық Республикасы мен Гондурас дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

Қытай сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 26 наурызда Қытай мен Гондурас «Қытай Халық Республикасы мен Гондурас Республикасының дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен коммюникесіне» қол қойды.

«Екі елдің үкіметтері коммюникеге қол қойылған күннен бастап бір-бірін тану және елшілер деңгейінде дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы шешім қабылдады», - делінген мәлімдемеде.

Құжатта Гондурас үкіметінің Тайваньмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзу, «бір Қытай» қағидатын мойындау және оны сақтау және Тайваньмен ресми қарым-қатынас жасамау туралы шешім қабылдағаны атап өтілген.