Қытай әлемдегі алғашқы 6G сынақ спутнигін орбитаға сәтті ұшырды. Бұл эксперименталды алтыншы буын желілік технологияның 5G қабілеттілігінен бірнеше есе жоғары терагерц жиілігінде қаншалықты жақсы жұмыс істейтіндігін тексереді, деп хабарлайды ВВС.
Спутник Шаньси провинциясындағы Тайюань космодромынан зымыран ұшырғаннан кейін басқа 12 құрылғымен бірге орбитаға сәтті шықты.
«Tinyan 05», деп те аталатын жер серігін «Chengdu Guoxing Aerospace Science and Technology» компаниясы жасаған болып, бұл спутниктің басты мақсаты - жерді қашықтықтан зондтау. Оның назарындағы негізгілері қала құрылысы, ауылшаруашылық және орман шаруашылығындағы апаттарды бақылау және осыған ұқсас қызметтерді қажет ететін басқа салалар жатады.
Жер серіктің орбитаға ұшу сәтіндегі бейне таспаны Қытайдың электронды ғылымдар және технологиялар университеті Twitter-де жариялады.
<iframe width="700" height="800" frameborder="0" src="https://www.bbc.com/news/av/embed/p08xqsyk/54852131"></iframe>«Tinyan 05» жер серігінің салмағы 70 килограмм және ол терагерцтік байланыстарды сынау үшін қажет жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, ол жаңа байланыс стандартының ғарыштық қосымшаларының ғаламдық алаңына айналады.