Қытай компаниясы Өзбекстанның 3 облысында логистикалық орталық салады
2023 жыл 1 маусымда ӨР Көлік министрінің орынбасары Жасур Чориев Қытайдың Taitong International компаниясының басқарма төрағасы Чу Сюан мырзамен кездесу өткізді.
Министрлік дерегінше, кездесуде тараптар Өзбекстан көлік саласына тікелей инвестиция тарту, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен байланыстыратын халықаралық көлік дәліздерінің тартымдылығын арттыруға бағытталған жобалар жөнінде пікір алмасты.
«Шетелдік компания басшысы репсубликаның Әндіжан, Сырдария және Ташкент облыстарында логистикалық орталықтар құру жоспарларымен бөлісті», делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, Taitong International басшысы көліктік логистикалық компаниялармен ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін айтқан.