Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай компаниясы Ташкенттегі 30 ірі кәсіпорынға күн батареяларын орнатады
16:06 / 2023-05-04

Қытайдың CC7 Industries компаниясы Ташкент қаласындағы 30 ірі кәсіпорынға күн батареяларын орнатпақ.

Ташкент қаласы әкімінің хабарлауынша, қала әкімінің орынбасары Шароф Рахмонов Қытайлық компаниясының президенті Лун Хайян бастаған делегациямен кездесті.

Компаниямен жасалған келісім негізінде Ташкент қаласындағы 30 ірі кәсіпорында күн стансаларын орнатуды жеделдету маңыздылығына назар аударды.

Алдын ала болжам бойынша, олардың шатырының 747 мың шаршы метр алаңына 100 МВт панельдер орнатылады. Қазір бұл нысандарда компания мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Лун Хаян компанияның Өзбекстан және Ташкентпен ынтымақтастығы олар үшін де маңызды екенін айтып, мамандардың бұл үдеріске дайындалып жатқанын атап өтті, делінген хабарламада.