Қытай компаниясы Науаида 300 МВт күн фотоэлектр станциясын салады
Қытай еліне сапарлаған Науаи облысының делегациясы 11 тамызда Өзбекстанның осы елдегі елшілігі және Бейжің сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп ұйымдастырылған Өзбекстан-Қытай сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық форумына қатысты.
Өзбекстан мен Қытайдың іскер топтары өкілдерінің өзара тиімді қарым-қатынастарын жеделдету мақсатын көздеген бұл форумда Науаи облысының әкімі Н.Турсунов сөз сөйлеп, өңірдегі шетелдік инвесторларға жасалып жатқан мүмкіндіктер, атап айтқанда, инвестициялық, өнеркәсіптік салалар туралы жан-жақты ақпарат берді.


Сондай-ақ, форум аясында қытайлық компаниялардың өкілдерімен G2B және B2B форматында келіссөздер жүргізілді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша облыста «China Huadian Overseas Investment Co., Ltd» және «Avic-Intl Project Engineering Company» компанияларымен 300 МВт күн фотоэлектр станциясын салу және «Beijing Mingou Investment Co., Ltd» компаниясымен индустриялық аймақ құру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.






ӨзА