Қытай компаниясы Бұхарада «жасыл» индустриалды парк салуды жоспарлап отыр
Өзбекистанның Гуанчжоу қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен, Бұхара облысы әкімшілігі және Қытайдың China-Europe Association for Technical and Economic Cooperation ұйымы басшылары арасында онлайн кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Бухара облысы мен Пешку ауданы әкімшілігінің өкілдері Қытай тарапына өңірдің әлеуеті, шетелдік инвесторлар үшін жасалған жағдайлар және болашақ инвестициялық жобалар туралы таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша, ұйым мен оған мүше компаниялар өкілдерінен тұратын делегацияның осы жылдың 23-25 қараша аралығында Өзбекстанға сапар жасау туралы келісімге қол жеткізілді.
Болашақ сапар аясында Қытай тарапынан Бұхара облысында жүзеге асырылуы жоспарланған «жасыл» индустриалдық парк, қоғамдық тамақтану секторына арналған орау жабдықтарын өндіру жобалары мен Гуандун провинциясындағы Зуншан қаласында сауда үйін ашу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілмек.