Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай Күнді бақылауға арналған жер серігін ұшырды
09:30 / 2021-10-15

Қытай 14 қазан, бейсенбіде күн энергиясын зерттеуге арналған алғашқы жер серігін сәтті ұшырды.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Қытайдың солтүстігінде жайғасқан Шаньси провинциясындағы Тайюань ғарыш айлағынан ұшырылған спутник, Чанчжэн-2D зымыран тасығышының көмегімен орбитаға сәтті жеткізілді.

Осы зымыран тасығыштың бортында ғарышқа тағы да 10 шағын спутник жіберілген. Оның ішінде орбитадағы атмосфераның тығыздығын анықтайтын эксперименттік спутник және коммерциялық метеорологиялық зондтау үшін спутниктіктер бар.