Қытай үкіметі BBC World News-ке ел аумағында жұмыс істеуге тыйым салды
Қытай билігі BBC World News-тің хабар тарату талаптарын үнемі бұзғаны және Қытайдың ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіргені үшін елде хабар таратуға тыйым салды. Бұл туралы Қытай радиосы мен теледидарының бас басқармасы мәлімдемесінде айтылған.
«BBC World News Қытайда шетелдік арна ретінде хабар тарату талаптарына сәйкес келмейтіндіктен ҚХР-да хабар таратуды жалғастыра алмайды», - делінген басқарма хабарламасында.
Ондағы мәліметте басқарма арнаның жаңа жылдық хабар таратуға өтінімін қабылдамайтындығы айтылған.
Бұл мәлімдеме Қытайда ай күнтізбесінде жаңа жылдың басталуы - жұма күнге қараған түнде жарияланды.